Ақтауда 54 жастағы ер адам коронавирустан көз жұмды

АР
Бұл - Маңғыстау облысындағы Ковид-19 вирусынан қайтыс болған екінші адам.

Маңғыстау облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Марқұм 1966 жылғы Ақтау қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ӨҚК.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, 29 мамырда науқастың дене қызуы 38 градусқа көтеріліп, жөтел қысқан. Келесі күні - 30 мамырда ол дәрігерге қаралып, дереу көпсалалы уақытша ауруханаға жатқызылды. Коронавирусқа анализ алынып, ол оң нәтиже көрсетті. Ауруханаға түскен сәттен бастап ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Алайда, өкінішке орай, ауруханаға түскеннен кейін 10 күн өткен соң, 9 маусымда науқастың жүрегі тоқтап қалды, делінген хабарламада.

Марқұмға пневмонияның асқынуы, 2 типті қант диабеті диагнозы қойылған.

Бұл - Маңғыстау облысындағы Ковид-19 вирусынан қайтыс болған екінші адам.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі