Кеше өртенген Алматы облысындағы полигонның ауа сынамасы тексерілуде

Қазгидромет
Оқиға орнына "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша Экология департаментімен бірлесіп шықты.

Қазгидромет Алматы облысындағы полигонның өртенген жерінде ауа сынамасын іріктеп алды, деп хабарлайды zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 10 маусымдағы ТЖД ақпараты және БАҚ хабарламалары бойынша, Алматы облысының Іле ауданындағы ҚТҚ полигонында "Алматы-Өскемен" автожолының маңында өрт шықты. Оқиға орнына "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша Экология департаментімен бірлесіп шықты.

Экология департаменті, "Taza alem" ЖШС және "Таза жер" ЖШС өкілдерінің қатысуымен "Қазгидромет" РМК мамандары полигонның өрт шығу ауданында бірнеше нүктелерде ауа сынамасын алып, талдау жүргізді.

Жоспардан тыс іріктеу және талдау нәтижелері бойынша ШРШ-ның (шекті рұқсат етілген шоғырлану):

- өрт шығу ошағынан 1 км қашықтықта - күкірт диоксиді бойынша 1.02 ШРШ;

- өрт шығу ошағынан 1.5 км жерде: формальдегид бойынша 1.82 ШРШ, күкірт диоксиді бойынша 1.48 ШРШ асып кетуі тіркелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды