Жеңіс парадында бір танк көрермендерге қарай "қойып" кетті

"Подъем"
Құдай сақтағанда, әскери полиция әрекет етіп, танкті дер кезінде тоқтатып үлгерді.

Севастопольде Жеңіс күніне арналған шеруде бір танк көпшілікті жапырып кете жаздады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "Подъем" басылымына осы іс-шараға қатысқан куәгер айтты.

Оның айтуынша, оқыс оқиға Нахимов алаңына қарай бұрылыста болған.

- Танктер колоннасын бастап келе жатқан Т-34 танкі бұрылудың орнына кенеттен тікесінен тартты. Көрермендер, әрине мұндайды күтпеген, тіпті қорыққандарынан орнынан тыпыр ете алмай қалды. Құдай сақтағанда, әскери полиция дереу әрекет етіп, танкті тоқтатты, тіпті оны сол арада жөндеді. Содан кейін танк жұмыс істеп, қайтадан қатарға қосылды. Бұл, негізінен көне танк екен, 75 жылғы бұрын, ол парадқа арналып, жөнделіп, қатарға қосылыпты, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі