Алматыда COVID-19-бен ауыратындар саны азайды - Бекшин

Баспасөз қызметі
Бірақ арқаны кеңге салуға әлі ерте.

Алматыда ковидпен ауыратындар саны азайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Алматыда бір ай ішінде коронавирус ауруының күн сайынғы өсімі 4,2% -дан 1,4% -ға дейін төмендеді. Репродуктивті сан, яғни 1 адамнан ауру жұқтырушылар індеттің шарықтау кезеңінде 4 болса, бүгінде ол 0,9% дейін төмендеген. Яғни, қазір 1 науқас 1 адамға ауру жұқтырады, бұл аурудың төмендеуін, эпидемия қарқынының беті қайтқанын білдіреді, - деді Бекшин.

Пандемия басталғалы бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 12 997 жағдайы тіркелді, онын ішінде 7 897 расталған жане 5110 жағдай симптомы білінбейтіндер болып табылады.

"Негізінен 20 және 29 жас аралығындағы жастар ауырды, бул жалпы көрсеткіштің - 21%., 30-39 жас аралығындағылар - 20%, қарттар - 17,7%. Басты себептері - жұмыс орнынан жұқтыру, 49,7% - жұмыстағы науқастармен байланыс, 19% - үйдегі адамдармен байланыс, 0,1% - ауруханадағы науқастармен байланыс", - деп түсіндірді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты