Тайжан мен Әшімбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамынан шығып қалды

Ақорда
Кеңестің құрамына тағы жаңадан белсенді ел азаматтары кірді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында кезекті ротация жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына бірқатар азаматтық қоғам өкілдері – "Дос" тәуелсіз өмір орталығы" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, журналист, блогер Өркен Кенжебек, медиа сарапшысы Максим Рожин, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров енді" делінген Ақорданың Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ ротация кезінде аталған кеңес құрамынан Данияр Әшімбаев, Мұхтар Тайжан, Сейдахмет Құттықадам, Бағдат Мусин және Жәнібек Қожық шығып қалды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылдың 12 маусымында құрылды. Оның құрамына түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, заңгерлер, отандық сарапшылар кіреді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты