"Оңтүстік" АЭА-ның аумағында "DALSAN (ДАЛСАН)" ЖШС компаниясының дымқыл майлықтар шығаратын фабрикасы іске қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жоба түрік капиталы есебінен жүзеге асырылды. Жобаны іске асыруға жұмсалған инвестицияның жалпы құны 200 млн. теңгені құрады. Егер қазіргі уақытта кәсіпорында 12 жұмыс орны ашылса, онда толық жобалық қуаттылыққа шыққан кезде жұмыс орындарының санын 45 адамға дейін арттыру жоспарлануда.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 300 мыңға жуық дымқыл майлықтар шығаруға мүмкіндік береді.
Компанияның "Eli" брендімен шығарылатын өнімдері жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес. Компания өнімді ішкі нарықта сатуды жоспарлап отыр.
Айта кетсек, "DALSAN (ДАЛСАН)" ЖШС "Оңтүстік" АЭА-ның аумағында түрік инвестицияларының қатысуымен жүзеге асырылған үшінші жоба болып табылады.