Павлодар облысында 9 тоғыз оқушыдан коронавирус анықталды

Pixabay
Барлығында симптомы білінбей, ауру жеңіл өтуде.

Павлодар облысында тоғыз оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ирбис ТВ хабарлағандай, Шарбақты ауданының Алексеевская орта мектебінде коронавирус бастапқыда бір баладан расталған. Оқушы аурумен байланыстағының бірі болып шықты. Сол себепті ауылдық білім беру мекемесіне барғандардың барлығы тексерілді. Олар 44 адамды анықтап, оның ішінде тағы үш баладан COVID-19 анықталды. Барлығында ауру симптомсыз жүріп жатқан.

- Балалардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, ауруға қатысты шағымдары жоқ. 16 қыркүйекте балалар мектептен шеттетілді, қазір үй карантинінде. Мектепте жедел тексеру басталып, эпидемияға қарсы шаралар қолданылды. Мектепте жоспардан тыс тексеру жасалды. Ол әлі жүргізіліп жатыр, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

Мектеп белгісіз мерзімге жабылды. Шешім эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін қабылданады деп хабарланды.

Облыстық санитарлық дәрігердің айтуынша, диагноз 1 қыркүйектен бастап облыстағы тағы бес баладан расталды. Аурудың үш жағдайы Павлодар мектептерінде, біреуі Ақсу қаласында, тағы біреуі ауданнан анықталды. Бұл - оқушылар қашықтықтан білім алушылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды