3 баланың өліміне себепші болған дезинфектор 5 жылға сотталды

Үкімге келіспеген жағдайда, тараптар 15 күннің ішінде аппелациялық шағым түсірулері шарт.

Шымкентте үш баланың өліміне себепші болған 42 жастағы дезинфектор 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Болат Жәнібеков сот шешімімен жазасын қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Сондай-ақ, жәбірленуші тарапқа 5 млн теңге моральдік өтемақы төлеуге міндеттелді. Алайда, айыпталушының жұбайы судьяның бұл шешіміне наразылық білдіруде, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сот процесіне бір ғана жәбірленуші отбасы мен айыпталушының қорғаушысы, жары және оның екі туысы қатысты. Ал, 8 айлық нәрестесінен айырылған екінші отбасы келмеді. Сотталушының өзі түзеу колониясынан онлайн режімде қатысты. 11 айға созылған процесте басты фигурант Болат Жәнібековтің қылмыстық әрекеті айғақты заттармен толық дәлелденіпті. Оған қоса бірнеше куәгерлер мен жәбірленушілердің берген жауаптары негізге алынған. Соның арқасында сот қылмыстық кодекстің 304 бабының 3-ші тармағымен үкім шығарды.

Светлана Шынәлиева, Еңбекші аудандық сотының судьясы:

Жәнібеков Болатбек Сабырханович қылмыстық кодексінің 304 бабының 3-ші бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Сонымен қатар ол сот шығындары мен қос ұлынан айырылған Тасполатовтар отбасына 5 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл қаражатты екі айдың ішінде төлеп құтылуы тиіс.

Светлана Шынәлиева, Еңбекші аудандық сотының судьясы:

Жәбірленуші тарапынан талап арыз түскен. Сол талап арыз соттың шемімен толығымен қанағаттантыруға жатады дейді. Өйткені, ол отбасында тек 2 ұл бала болған. Сол 2 ұл бала да қазаға ұшыраған. Балдардың өмірі әрине, ол ақшамен теңелмейді. Бірақ, сот осы көрген азаптарын моралдік залалды олар көрсеткен 5 млн сомада толығымен өнідірге жатады деп тапты.

Болат Жәнібеков жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу колониясында өтейтін болды. Тергеу кезінде өткізген әрбір күні екі күн деп белгіленді. Сондай-ақ, жәндіктерді залалсыздандыру жұмысымен 3 жылға дейін айналысуға тиым салынды. Бірақ, судьяның шығарған шешіміне сотталушының жұбайы келіспей отыр.

Салтанат Жаңабаева, сотталушының жұбайы:

Четверг күні істеді күйеуім. Суббота күні, кірді ішке бала-шағасымен. Ал, бұл случай воскресенье күні болып отыр. Бізге мұның қатысы жоқ. Химиямен де ештеңемен дәлелдей алмады мұны. Бірақ, мұны неге алмағанын мен түсінбедім. Дәріні апарып берген күйеуім сол кезде. Оны тексермеген де следователь.

Үкімге келіспеген жағдайда, тараптар 15 күннің ішінде аппелациялық шағым түсірулері шарт. Әзірге, екі жақтан да ондай ұсыныс түскен жоқ.

Еске сала кетейін, алғашқы қайғылы жағдай былтыр қараша айында тіркелген еді. Пәтер ішінде зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жүргізілгеннен кейін бір отбасы ауруханаға түсіп, оның 11 айлық және 4 жасар екі баласы көз жұмған болатын. Ал, екі айдан кейін дәл осы сотталушының жүргізген дезинфекциясынан тағы бір жанұяның 8 айлық нәрестесі көз жұмған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: