Павлодарда сары жапырақ үстіне жаңа асфальт төселді

видеодан кадр
Жапырақтың үстінен қалай болса солай жайса, қандай сапа туралы айтуға болады?

Павлодарлық ноу-хау. Қоңыр күзде, сары жапырақ үстіне асфальт төсеп жүрген мердігер компания көптің күлкісіне қалды.

Бұл шу әкімдіктің назарына ілігіп, аталған мекеменің осыған дейін атқарған барлық жұмысы тексерілетін болды. Оқиға орнына жеткен шаһар басшысы Ержан Иманслям, мердігер компанияға суып үлгермеген асфальтты қайта бұздырған көрінеді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ержан Иманслям, Павлодар қаласының әкімі:

Мен сіздер үшін тұрғындардың алдында ұяттан қызарып тұрғым келмейді. Мердігер компания ретінде тапсырыс алдыңыздар ма, талапқа сай жұмыс істеңіздер. Видеода жүрген қызметкерлеріңізбен қоса бірігіп қателіктеріңізді түзеңіздер.

Әкімнен сөз естіген ұжым шала-жансар жұмысын қайта түзеуге кіріскен. Қала тұрғындары қандай ескертпе жасалса да бәрі кеш деп есептейді. Әкімдік те, құрылысшылар да ала жаздай ән салды ма деп ренжулі.

Николай Изотов, қала тұрғыны:

Беймезгіл уақытта асфальт төсеп жатыр. Жапырақтың үстінен қалай болса солай жайса қандай сапа туралы айтуға болады? Бұл бір есеп үшін жасалып жатқан дүние сияқты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады