Мемлекет басшысы Майя Сандуды президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Facebook
Президент қазақ-молдова қатынастарын нығайта түсетіндігіне үміт білдірді.

Мемлекет басшысы Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өз атынан Молдова Республикасының жаңадан сайланған Президенті Майя Сандуды құттықтап, жеделхат жолдады.

"Сайлаудағы сенімді жеңісіңіз Сіздің демократиялық, тұрақты және экономикалық тұрғыдан өркендеген мемлекет құру бағытыңыз халықтан қолдау тапқанын көрсетеді. Біз күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, дәстүрлі достық пен өзара табысты ынтымақтастыққа құрылған қазақ-молдова қатынастарын нығайта түсеміз деп үміттенемін", – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Сандуға Молдова Республикасының өсіп-өркендеу жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады