Қоғамдық көлік емес, қоғамдық өлік...

Facebook
Айта кетсек, синоптиктер 29-31 желтоқсанда еліміздің шығыс және солтүстік өңірлерінде қатты аяз болатынын ескерткен.

Таңертең қатты аяз, машинам тамбай қойған соң жаяу шықсам, аялдамада қара-құрым халық. -35 градус аязда 35 минуттай тұрған шығармыз. Есіктері ойбайлап ашылатын ескі автобустың ішіне кірсең (кіре алсаң) шошисың. Өскеменнің, оның ішінде Меновной, Ахмер жақтың қалың жұртына обал ғой, мынау, деп жазады өскемендік Дарын Нұрсапар Facebook-те.

"Автобустардың шаруасы біткендігі сондай, ішінде пеш жоқ па деп қалдым. Адамдардың аузынан бу бұрқ-бұрқ етеді. 2018 жылдың қарашасында Өскеменге ЕУРО-5 экологиялық стандартына ие 85 автобус сатып алынады деген ресми ақпарат шыққан. Орталық Азия инвестициялық форумы аясында "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында 5,4 миллиард теңгенің несиелік шарты жасалған. Автобустар 2019 жылдың екінші жартысынан жүре бастайды, деген. Қайда сол автобустар?" делініпті жазбада.

Айта кетсек, синоптиктер 29-31 желтоқсанда еліміздің шығыс және солтүстік өңірлерінде қатты аяз болатынын ескерткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты