Нұрлан Ноғаев: ОПЕК+ келісімі мұнай саласына оң серпін берді

Pixabay
Қолданыстағы келісім мұнай саласына оң серпін беруді жалғастыруда.

5 қаңтарда, ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев сөйлеген сөзінде атап өткендей, ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бірлескен күш-жігері 2020 жылы әлемдік мұнай нарықтарындағы бағаны тұрақтандыра алды. Қазіргі кездегі қолданыстағы келісім мұнай саласына оң серпін беруді жалғастыруда.

Кездесудің қорытындысы бойынша келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартудың қазіргі деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айларына ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, Қазақстан мен Ресей үшін осы кезеңдегі өндірісті сәйкесінше тәулігіне 10 және 65 мың баррельге кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін жеке шарттары келісілді. Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін ақпан және наурыз айларындағы міндеттемелер сәйкесінше тәулігіне 1,427 млн баррельді және 1,437 млн баррельді құрайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады