Жаңа депутаттар 800 мың теңге жалақы алады

видеодан кадр
Мәжілісмендер ақы төленетін басқа да қызметтерді қоса атқаруына болмайды.

Еліміздегі депутаттардың айлығы 550 мыңнан басталады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Еңбек өтіліне қарай 800 мың теңгеге дейін жалақы алатындары да бар. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы берген мәліметте осылай делінген.

Ал 2019 жылы халық қалаулылары ай сайын 684 874 теңге алып келген болатын.

Атап өтейік, Мәжілістегі депутатар саны 107 , ал сенатта 49 депутат бар. Олардың барлығы Үкімет тарапынан тегін баспана, қызметтік көлік және өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз етілген.

Мәжілісмендер ақы төленетін басқа да қызметтерді қоса атқаруына болмайды. Бұл ережені бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды