Шалқар Қожаев Берік Уәлидің орынбасары болды

facebook.com / Берік Уәли
Ол "Хабар" арнасының бас редакторы болып жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен Шалқар Мұқашұлы Қожаев 2021 жылғы 10 ақпаннан бастап Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шалқар Қожаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін "Іскерлік әкімшілік" мамандығы бойынша тәмамдаған.

АҚШ-та заманауи ақпаратты тарату қызметін жетілдіру бойынша, Украинада ақпараттық технологиялар бойынша біліктілігін арттырған.

Журналистикадағы еңбек жолын Семей қаласындағы жергілікті телеарнада журналист, диктор болып бастаған.

2005-2011 жылдары "Қазақстан-Семей" арнасында тілші, жүргізуші, "Қазақстан" РТРК-ның Шығыс Қазақстан өңірі бойынша меншікті тілшісі болып қызмет еткен.

2011-2012 жылдары "Еуразия" телеарнасының тілші ретінде Президенттік пул құрамында болған.

2012 жылдан бастап "Хабар 24" арнасының шығарушы редакторы, продюсері, жаңалықтар қызметінің бас редакторы, "Хабар" арнасының бас редакторы болып жұмыс істеген.

2017 жылдан бастап "Хабар 24" арнасының шеф-редакторы.

Қазақстан Республикасының "Ерен еңбегі үшін" медалімен, бірнеше мерекелік медальдармен, түрлі дәрежедегі алғыс хаттармен, "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған. "Нұр Сұңқар" сыйлығының иегері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді