Қазақстандықтарға тегін медсақтандыру мен 70 мың доллар ұсынылуда

"Отбасылық стипендия" туралы ақпаратты Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігі де жоққа шығарды.

Желі қолданушыларына бір жылға тегін медициналық сақтандыру және Дүниежүзілік банктен 70 000 доллар ұсынылады, яғни COVID-19 пандемиясы кезінде жұмыссыздықпен күрес аясында құрылған "отбасылық грант" аясында осындай көмек алуға болады деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірақ stopfake.kz бұл ақпараттың фейк екенін жеткізді.

Дүниежүзілік банктің ресми сайтында мұндай жобалар туралы ақпарат жоқ. СOVID-19 пандемиясының салдарымен күресу үшін банк дамушы елдерді қолдау бойынша бірқатар жобаларды іске қосқан болатын. Бірақ олардың бірде-біреуінде жеке тұлғаларға 70 мың доллар көлемінде өтеусіз қаржылық көмек көрсету қарастырылмаған.

"Отбасылық стипендия" туралы ақпаратты Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігі де жоққа шығарды.

Бұл өтірік. Мұндай шаралар жоқ, – деп хабарлады Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Шынар Жетпісова.

"Отбасылық стипендия" алу туралы ұсыныс алаяқтардың ісі екенін өтінімдер қабылданатын электрондық мекен жайдан да түсінуге болады – laurano.peta12@gmail.com. Бұл жеке тұлғаның поштасы және Қазақстандағы немесе басқа бір елдегі Дүниежүзілік банкке еш қатысы жоқ. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз, - дейді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: