Алматыда электронды жол белгісі пайда болды

Алматы әкімдігі
Жолдағы жағдайға байланысты әртүрлі жүру бағытын көрсететін жаңа құрылғы сынақтан өтіп жатыр.

Электронды табло таңғы уақытта кептелістен көз ашпайтын Талғар тас жолы мен Хан Тәңірі көшесінің қиылысында орнатылды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, қиылыстағы кептелісті азайту мақсатында сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін таблода тек тіке жүруге мүмкіндік беретін 4.1.1 белгісі, ал 11:00-ден 6:00-ге дейін тіке және солға жүруге арналған 4.1.5 белгісі көрсетіледі.

Тәуліктің қай уақытында қандай белгіні қосу керектігі бағдарлама кешені арқылы шешіледі. Сондай-ақ таблоның жұмыс режимін көшедегі кептеліске байланысты трафикті автоматты басқару жүйесі реттейді.

Егер бұл тәжірибе жақсы нәтиже көрсетсе, оңтүстік астананың өзге жол қиылыстарында да осындай белгі қойылуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КрисПи | Алматы | 21+ (@kris.p.original)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты