Автопилот "қуып кетті". Tesla Model S ағашқа оңбай соғылды

kolesa.kz
Жол апатынан екі адам қаза тапты.

Tesla-дағы автопилотқа сеніп, апатқа ұшырап жатқандар туралы жиі айтылады. Алайда Техаста болған жағдайды ерекше оқиға десе болатын сияқты, дейді kolesa.kz.

Мәлімет бойынша Техас штатына қарасты Спринг қаласында Tesla Model S дер кезінде бұрыла алмай, жолдан шығып кеткен. Электромобиль ағашқа соғылып, артынша жана бастайды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды өшіре алмай, Tesla мамандарымен кеңесуге мәжбүр болады. Отпен 4 сағаттай алысқан құтқарушылар 113.6 мың литр су жұмсаған.

Жол апатынан екі адам көз жұмды. Полиция олардың екеуі де апат болған сәтте рөлде отырмағанына сенімді. Шамасы электромобиль жүргізуші басқаруынсыз, автопилотпен қозғалған болса керек. Қайғылы оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары анықтайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы