Елімізде тойып тамақ жемейтін және ашыққан тұрғындар саны артқан, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Калория мөлшері рұқсат етілген ең төменгі көрсеткіш деңгейі қалаларда жоғары болған: 2019 жылы бұл көрсеткіш – 4,1%, ал ауылдарда – 3,1%.
Алайда 2020 жылы ауылдарда тойып тамақтанбағандар үлесі айтарлықтай өсіп, 4,2%-ға жеткен. Қалаларда бұл көрсеткіш – 4%.
2020 жылы халық тұтынатын азық-түлік өнімдерінің энергетикалық құндылығы орташа жан басына шаққанда тәулігіне 3425 ккал болды: 2019 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға көп.
Сондай-ақ энергетикалық құндылықта ең төменгі қажеттілік өзгеріссіз қалды: жан басына шаққандағы тәуліктік рационда 1863 ккал: өткен жылғы көрсеткіш – 1866 ккал.
Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы тәуліктік рационында тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы 2856 ккал (Нұр-Сұлтан) – 4120 ккал (Павлодар облысын) аралығында.
Калориясы ең жоғары тамақтарды Ақмола (3780 ккал) және Шығыс Қазақстан (3631 ккал) облыстарының тұрғындарыны, ал калориясы ең төмен тамақтарды Нұр-Сұлтаннан бөлек, Шымкент (2981 ккал), Маңғыстау (3631 ккал) және Маңғыстау (3047 ккал) облыстарының тұрғындары тұтынған.
Сонымен қатар барлық өңірде тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы ең төменгі қажеттіліктен жоғары болған.
Тұтынылған тамақ өнімдерінің жартысынан көбі – 51,9%-ы көмірсулар (нан және жарма өнімдері) үлесінде, ал майлар мен ақуыздарға (ет және ет өнімдері, жұмыртқа және сүт өнімдері) — 35,5% және 12,6% тиесілі.
Дәурен Ерболат