Адам қайтыс болғанда, түрі өзгеріп кетпейтін шығар? Дерттен көз жұмған әкесін жерлемек болған ұлы өзге біреудің денесін көріп, есінен тана жаздады. Сөйтсе, елордадағы мәйітханалардың бірінде екі мүрдесі шатастырып, туыстарына ауыстырып беріп жібергенге ұқсайды. Осылайша астаналық азаматтың ақтық сапарға аттандырып, жер қойнына табыстауға дайындалып жүргенде әкесін Тараз шаһарға аттандырып жіберіпті, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Тынымбек Әбуұлы қауіпті індеттен көз жұмған әкесін арулап көміп, ақтық сапарға шығарып сала алмай қиналуда. Таңертең мәйтіханадан денесін алып шыққанда, өзге адамның мүрдесін көріп абдырап қалдым дейді. Ал өз әкесінің мәйіті қалай екені белгісіз, Таразға жөнелтіліпті.
Тынымбек Әбуұлы, марқұмның ұлы:
Біз ештеме, дәрігерлер шатасқан дейді, біз шатасқан жоқпыз дейді. Доставка жасайтындар шатасқан 4-5 сағат айқайластық, мүмкіндік таба алмай қалдық. Бір-біріне итермеледі. Заведущий өзі мойындады Таразға кеше түнде беріп қойып едік деді.
Марқұм Әбу Дүнгенбайұлы 20 күн бойы елордадағы жұқпалы аурулар ауруханасында короавирустан емделген екен. Кеше түс кезінде демі үзіліпті. Ал сол ауруханадан екі адамның мүрдесі мәйітханаға кештетіп жеткізілген екен.
Тынымбек Әбуұлы, марқұмның ұлы:
Менің білуімше, сол бір больницадан екі адамды бірдей алып келген. Екі мәйтті шатастырып алған. Малдың құлағында иин болады. Жауапкершілік керек қой. Екі кісіні ауыстырып алған. Документтері белгісіз, қара пакетте.
Осы сәттерде марқұмның жақындары Нұр-Сұлтанның әуежайында Таразға шатасып жіберілген мәйтті күтуде. Мүрдені анықтау үшін, құзырлы орган өкілдері мен мәйітхана қызметкерлері де келген. Мамандардан жауап алуға тырыстық. Олар өз тараптарынан қателік кетуі мүмкін емес деп мізбақтырмады.
Мәйітхана қызметкері:
Ондай жағдай болу мүмкін емес. Данныйлары ауысып кеткен, сол жағдайдан болуы мүмкін. Сол кеше келген екі кісінің мәйіті еді ғой.
Кәкен Жантайұлы, марқұмның жиені:
Міне, мәйіт келді. Сағат 8-ден бері жүрміз, мәйіт сол болып шықты. Бұл енді адамды қорлау, ауруақты! Мал емес қой. Кім көрінгеніге жібере беретін. 20 мәйіт емес алмасып алатындай, 2 мәйітті.
Әзірге, екі адамның мәйітінің қалайша шатасып кеткені белгісіз. Ол жағын құзырлы орган өкілдері анықтайтын болады. Ал өмірден озғанннан соң Таразда жерлене жаздаған марқұмның денесін жақындары бүгін астана іргесіндегі Қоянды ауылында жер қойнына тапсырды.