Жер қойнауын тиімсіз пайдалану бойынша 778 млн теңгеге шағым түсті

gov.kz
Жалпы сомасы 38,4 млн теңгеге салынған әкімшілік айыппұлдар өндірілді.

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға әкімшілік бұзушылықтар мен жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін 778 млн теңгеге шағым түсірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтар-маусымында көмірсутегі, газбен жабдықтау және мұнай өнімдері саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде құзырлы ведомства 94 тексеруді аяқтады. Оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 62 (газ желісі ұйымдарын аккредиттеу, көмірсутектер саласындағы лицензиялау), жоспардан тыс тексерулер – 20.

Жалпы сомасы 38,4 млн теңгеге салынған әкімшілік айыппұлдар өндірілді. Бірінші жартыжылдықта жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 739,6 млн. теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 712 млн теңге өндірілді, - деді ҚР Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның мәліметінше, 2020 жылы Энергетика министрлігі 169 тексеру жүргізген, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 125. Нәтижесінде 47,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынып өндіріп алынды, жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін шағымдар 1 млрд 833 млн теңгені құрады, оның 646 млн теңгесі төленді.

Қалған 1 млрд 187 млн теңге сомасына жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін залалды өндіріп алу бойынша жұмыс жүріп жатыр, - деп толықтырды Қарағаев.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі