Дәрігер тамызда коронавирустан көз жұмғандар неліктен көбейгенін айтты

zakon.kz
Биыл ауру күрделі өтуде.

Онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов тамызда КВИ салдарынан науқастардың көз жұмуы жиілегенін мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, облыста тамыз айында коронавирустан көз жұмғандар саны 111-ге жетті. Шілде айында 81 адам көз жұмған болатын.

Қайтыс болған адамдардың көбі зейнет жасындағы адамдар. 35-40 жастағы адамдар көз жұмған санаулы жағдайлар болды. Биыл ауру күрделі өтуде, - деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысы тамызда КВИ жұқтырушылардың көбейгені де әсер еткенін айтты. Сондай-ақ басқа да бірнеше себеп бар.

Тамызда ауруханаға түскендер көп. Оған қоса, коронавирустың жаңа штаммы шықты. Ол қауіптірек. Себептердің бірі – адамдар ауруханаға кеш жүгінеді. 1 аптаға дейін өз-өзін емдеумен айналысады. Сондықтан адамдар ауыр жағдайға жетіп қана келуде. Осының бәрі көз жұмғандар санының артуына әкеліп отыр, - деді Айдар Сейітқазинов.

Еске салайық, соңғы тәулікте Павлодар облысында 338 адамнан коронавирус анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме