Мәлік Олжабеков ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі болып тағайындалды

ПМ
Ол 2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып келді.

Мәлік Олжабеков ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәлік Серікұлы Олжабеков ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. КИМЭП университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы" АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады.

2012-2017 жылдары — "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы- төрағаның орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды