Байзақтағы жарылыстарға кім кінәлі екені қашан анықталады?

Жамбыл облысы әкімдігі
Қалай жұмыс бітеді, солай ресми түрде хабарланатын болады.

Бұл сауалдарға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Көпті толғандырып жүрген аталған сұрақтардың тууы заңдылық. Барлығымызға аян, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі мамандарынан жасақталған тергеу тобы қазіргі таңда жұмыс істеп жатыр. Қалай жұмыс бітеді, солай ресми түрде хабарланатын болады. Оқиғаның себебін, кінәліні сол кезде білеміз. Сондықтан жерлестерімнен ешқандай жалған ақпаратқа, лақап сөздерге сенбеулерін сұраймын. Ал нақты мәліметті арнайы құрылған штабтан алу керек, - деді аймақ басшысы.

Ол жарылыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен азаматқа қатысты деректермен де бөлісті.

Реті келгенде айта кетейін, Байзақ оқиғасының салдарынан бір азамат хабар-ошарсыз кеткені белгілі. Алайда, оны іздеу жұмыстары тоқтатылған жоқ, тоқтатылмайды да. Мен «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығымен әрдайым байланыстамын. Қанша маманның, техниканың, саперлердің, қызметтік иттердің жұмыс істеп жатқанын бақылаудамын. Әлі де іздеу-барлау шаралары жалғаса береді. Жоғалған азаматтың ата-анасымен де тұрақты байланыстамын, - деді Б.Сапарбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты