Қазнетте Каспийдің таяздануы туралы видео тарады, деп хабарлайды zakon.kz.
Экология министрлігі теңіз деңгейі 1,4 метрге төмендеген, әлі де төмендейтінін айтты. Сондай-ақ, ведомство видео Каспий маңы ойпаты ауданында түсірілген деп болжап отыр.
Бұл аймақ теңіз түбі көлбеуінің аздығымен және тереңдігінің таяздығымен сипатталады. 2005 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі төмендеп барады. Сондай-ақ, төмендеу жалғасады. Теңіз деңгейі қазірдің өзінде 1,4 метрден астам төмендеді. Ең көп зардап шеккен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс таяз бөлігі. Теңіз кетіп, кішігірім батпақты жерлер қалды. Видеодағы Каспий теңізінің бұрынғы түбі. Теңіз таяз, бұл үлкен проблема, - деді министрлік.
Бұдан бұрын "Қазгидромет" РМК Каспий теңізі деңгейіне қатысты болжам жариялаған болатын, оған сәйкес, теңіз одан әрі де таяз болады.
Бақытжан Отарбаева