Алматының "Қайраты" еурокубокта тағы жеңілді

fckairat.com
"Қайраттың" арқасында әзірбайжандық клубқа өз тарихында алғаш рет еурокубоктің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

"Қайрат" Конференция лигасының төртінші турында "Карабахпен" күш сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 1:2 есебімен әзірбайжандық клуб жеңіске жетті, деп жазады aladop.kz.

Ойынның бірінші бөлігінде алаң иелері басымдық танытты. Хосе Канте, Небойша Косович пен Вагнер Лавта гол соғатын керемет мүмкіндіктер болды. Доп бірде қақпа бағанына тисе, кейбір сәттерде қақпашы керемет сейвімен көзге түсті. Ал ойынның 58-минутында Ибраима Важди Покатиловпен жеке-дара шығып, алғашқы голды соқты. Он минуттан кейін Хосе Канте таразы басын теңестіріп еді. Бірақ 72-минутта Абделла Зубир допты Стастың үстінен асыра тастап, командасына жеңіс сыйлады.

Естеріңізде болса, Бакуде өткен алғашқы ойын да дәл осындай есеппен аяқталған еді. Қос матчта да жеңіліс тапқан Құрбан Бердыев шәкірттері топтан шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал әзірбайжандық клуб тарихында алғаш рет еурокубоктің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды