Сәуле Омарова АҚШ валюта басқармасына жетекшілік етуден бас тартты

twitter.com/STOmarova
Сәуле Омарованың қызметтен бас тартуының себебі қандай?

Қазақстанның тумасы Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігінде қаржылық бақылау басқармасының басшысы лауазымы қызметінен бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Омарованың кандидатурасын осы лауазымға ұсынған болатын. Алайда қазақ қызының кандидатурасын мақұлдау кезінде қарсылыққа тап болды, ол жеткілікті дауыс жинай алмады.

РИА Новости мәліметінше, Cенаттағы тыңдауларда республикалық сенатор Джон Кеннеди Омарованың коммунистік жүйенің мүшесі болғанын бетіне басты. Өз кезегінде Сәуле Омарова оның отбасы коммунизмнен зардап шеккенін алға тартты.

Мен Сәуле Омарованың валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым.АҚШ президенті Джо Байден

Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. ММУ, Висконсин университеті және Солтүстік-Батыс университетін бітірген. Корнелл университетінің банктік құқық бойынша профессоры.

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты