Батыстың памперсі мен чипсиіне қарап отырмайық – Лукашенко

Әлемнің басты жаңалығына айналдық

"Біз бізге төніп тұрған қауіп-қатерлерге қарсы бірдеңе істеуіміз керек. Бұл өмір біздің алдымыздан жиі-жиі түрлі қиындықтар туғызып жатады", – деді бүгін бейнебайланыс форматында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөз алған Беларусь президенті Александр Лукашенко.

"Беларусьте не болып жатқанын білесіздер. Әлемнің басты жаңалығына айналдық. Бұған қуанып отырған жоқпыз, бірақ АҚШ пен өзара ұжымдасып алған Батыс елдері өз саясатынан тайқымайтынын түсінеміз", – деді ол.

Оларға бізге және біздің бауырымыз Ресейге қысым жасау үшін себептер керек. Босқындар проблемасын тудырған біз емеспіз. Сіздер де, бұрынғы кеңес елдері де тудырған жоқ. Бірақ осы мәселе, ең алдымен, Беларуське қысым жасау үшін қолданылып отыр. Әзірге біздің әрқайсымызға әртүрлі деңгейде қысым жасалуда, мен осында отырған мемлекет басшыларын айтамын. Бірақ АҚШ енді қыса береді, маған жеткен ақпарат бойынша, АҚШ пен Батыс елдерінің визитерлері Беларусь республикасын қыспаққа алуға көмектесіңдер деген ұсыныспен сіздердің сыртқы істер министрліктеріңізге келгіштей бастады. Қазір Беларусьты қылқындыру үшін бізге қарсы экономикалық санкциялардың бесінші пакеті енгізілді. Тіпті алтыншы, жетінші, тағы пәленбайыншы пакеттерін дайындап жатыр дейді. Олар Беларусьте билікті де, мемлекеттің жүйесін де өзгерткісі келетінін ашық айта бастады. Бізге соның бәріне қарсы төтеп беріп, шыдап бағуға тура келеді. Бұл жағынан Ресейге рахмет, қолдап жатыр. Басқа мемлекет басшыларына да рахмет, қолдап жатқаны үшін. Александр Лукашенко

Оның ескертуінше, «Беларусь билігін бірлесіп құртайық» деп Батыс әлемі Еуразиялық одақтың кейбір мүшелеріне  де қолқа салуы мүмкін екен.

Менің өтінішім, бәріміз бірге болайық, жаңағыдай ұсыныстарға көнбеңіздер. Олар қоймайды, қысымын тек күшейте береді. Батыс Ресей мен Беларусьті қысумен тоқтамайды. Көзбе көз әңгіме барысында мен сіздерге біраз ақпарат беріп, бірге талқылаймыз. Шындығы сол, Батыстың мақсаты – жүйелі түрде жан-жақтан жұлмалап, бәсекелестерін жою. Ол жақта біздің достарымыз жоқ екенін түсінуіміз керек, тек өз күшімізге ғана сенуден басқа амал қалмады. "Біздің одағымызда өзіне керек нәрсенің бәрі бар" деген Нұрсұлтан Әбішұлы көреген екен. Біз өзімізді өзіміз қамти аламыз. Батыстың памперсі мен чипсиіне қарап отыруды доғарайық, мұндай нәрселерді де өзіміз шығара аламыз. Александр Лукашенко

Сурет: видеодан кадр

Беларусь
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: