Жылдың басында, яғни 10 қаңтарда парламент пен жергілікті мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті
Парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс сайлауына елде ресми тіркелген алты партия қатыса алады. Заңға сәйкес, мәжілістің 107 депутатының 98-ін партиялық тізім бойынша төте дауыс беру жолымен сайлаушылар, тоғызын – Назарбаев басқаратын Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымы сайлайды.
Орталық сайлау комиссиясы сайлауға 11 919 241 азамат тіркелгенін хабарлады.
Дауыс беруге 7 389 153 адам қатысты.
Саяси партиялар бойынша Қазақстан халық партиясы – 659019 (9,10 пайыз),
Nur Otan партиясы – 5 148 074 (71,09 пайыз),
«Ауыл» халықтық демократриялық партиясы – 383 023 (5,29 пайыз),
«Ақ жол» демократриялық партиясы – 792 828 (10,95 пайыз),
ADAL саяси партиясы – 258 618 (3,57 пайыз) дауыс жинаған.
Ауыл әкімдерін сайлау
Ауыл әкімдерін сайлау 149 елді мекеннің 75 сайлау округінде өтті. 257 кандидаттың 79-ын саяси партиялар ұсынды: NurOtan – 61, «Ауыл» ХДПП – 3, «Ақ Жол» ҚДП – 3, «ADAL» СП – 3 және ҚХП – 9 кандидат. Қалған 178 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.
Шілдеде өткен сайлауда әкімді халықтың өзі таңдады. Еліміз бойынша барлығы 730 әкім сайланды.
75 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 81 540 азамат кірді, олардың 61 846-сы дауыс беруге қатысты. Бұл –75,85%-ы құрайды.
Сайланған әкімдердің 61-ін саяси партиялар ұсынды: Nur Otan – 56, «Ауыл» ҚХДП – 3, «Ақ Жол» ҚДП – 1, «ADAL» СП – 1. Тағы 14 – өзін-өзі ұсынушылар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы төрағасы лауазымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізді
Қараша айында өткен Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Nur Otan партиясының төрағасы лауазымы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген болатын. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев өзінің Twitter-парақшасында жазды.
Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдай отырып, партияны ел Президенті басқаруы керектігін атап өтті. Өкілеттікті беру рәсімі партия жарғысына сай жүзеге асатын болады. Айдос Үкібай
Айта кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясына 22 жыл жетекшілік етті.
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Бұл іс-шара Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде конституциялық тіркелуін аяқтады, жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігінің бастауы болды.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күніне айналады.
Бұл тәуелсіздік ата-бабамыз аңсап жеткен қастерлі мереке. Биыл егемен ел атанғанымызға 30 жыл толды. Тәуелсіздігіміз баянды, туымыз тұғырлы, аспанымыз ашық болсын!