Алматы трагедиясын тергеу мүмкіндігінше ашық және объективті жүргізілуі тиіс – Ләззат Сүлеймен

Сурет: Zakon.kz
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат Ләззат Сүлеймен Алматы трагедиясын тергеу мүмкіндігінше ашық және объективті түрде жүргізілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Депутаттың мәліметінше, 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде болған әр факт жіті зерттеліп, тексерілуі, құқық қорғау органдарына жеткізілген және ұсталған адамдардың қорғалуға және білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығы қамтамасыз етілуі керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн» деген пікірімен толық келісеміз. Мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық, әрі объективті болуы, барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы міндетті.Ләззат Сүлеймен

Сондай-ақ, депутат асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекет көмектесуі керек, зардап шеккендер үшін оңалту жүргізіп, курсанттарға, әскери және полиция қызметкерлеріне материалдық және моральдық қолдау көрсету керек екенін айтты.

Өз кезегінде Үкімет, қанды қасірет себептері мен салдарына қатысты терең әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, содырлар соққысы қайталанбайтындай шаралар қамтамасыз етілуі тиіс екенін алға тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды