Бауыржан Байбек: Қызметімнен босату туралы өтініш бердім

Бауыржан Байбек Nur Otan төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қызметінен босату туралы өтініш жазғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасына қоштасу постын жазды. Ол Nur Otan партиясының алдында басқаша көзқарас пен тәсілдерді талап ететін мүлде жаңа міндеттер қойылғанын айтты.

Мен партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқарып отырған қызметімнен босату туралы өтініш бердім. Бүгін менің өтінішім қанағаттандырылды. Мен мемлекеттік және партиялық қызметте 20 жылдан астам еңбек еттім: екі рет, жалпы алғанда 6 жылға жуық Nur Otan Төрағасының Бірінші орынбасары, 3 жылға жуық Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарында, 4 жыл Алматы қаласының әкімі болып жұмыс істедім.Бауыржан Байбек

Бауыржан Байбек өз жазбасында Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор сенім білдіріп, қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Қандай қызмет атқарсам да, қай салаға жауапты болсам да, мен әрқашан Отанымыздың Тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда ішкі саяси тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге, ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға өзімнің үлесімді қосуға тырыстым. Өз жұмысымда ашықтық және жауапкершілік қағидаларын басшылыққа алдым. Ар-намыс, сөзге беріктік және іске адалдық деген ұғымдар мен үшін әрқашан бірінші орында болды.Бауыржан Байбек

Ол президент белгілеген жүйелі реформаларға кең ауқымды қоғамдық-саяси қолдауды қамтамасыз ету үшін бүгінгі күні Nur Otan-да қажеттінің барлығы, яғни адамдар, тәжірибе, ресурстар және инфрақұрылым бар деп есептейді.

Елбасы айтқандай біздің еліміз жаһандық трансформация, күрделі және жауапты шешімдер дәуіріне қадам басты. Олардың табысты болуы саяси ерік-жігерге, айқын мақсаттарға және ең бастысы, халықтың қолдауына байланысты. Барлық қажетті ресурсқа ие Nur Otan партиясы мемлекет басшысының бағытын іске асыруда сенімді көмекші болуы тиіс.Nur Otan партиясы Төрағасының бұрынғы орынбасары
Алматы Қазақстан Байбек Бауыржан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: