Тоқаев Nur Otan партиясының атын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады

Сурет: nurotan.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде партияның атын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Аманат» қазақ тілінен аударғанда «Бабалар өсиеті», «Болашақ ұрпаққа аманат» дегенді білдіреді. Сондықтан партияның (Nur Otan. – Ред.) атын Аманат деп өзгерту туралы ұсынысты қолдаймын. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін мұндай ұсынысты ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов айтқан болатын.

Бұл жерді, осы халықты ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған, біз оны кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Халықтың бірлігі, халықтар достығы, еңбексүйгіштігін жаңа ұрпаққа аманат етуге міндеттіміз. Елімізде болып жатқан өзгерістердің бел ортасында біздің партия тұр. Ашығын айтқанда, елмен бірге партияның да жаңаруы қажет. Ұйымның қызметін жаңа мағынамен толтыру үшін қажетті өзгерістерді енгізу маңызды. Осыған байланысты партияның сипаты мен атауын өзгертуді дұрыс деп санаймыз. Сондықтан парламенттік көпшілік партияның атын «Аманат» деп өзгертуді ұсынады. Ерлан Қошанов
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды