Байден ресейлік әуе компаниялары үшін АҚШ әуе кеңістігі жабылатынын мәлімдеді

Сурет: Twitter/POTUS
АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы жағдай туралы пікір білдірді. Ол Ресей президенті Владимир Путиннің қателескенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ президенті Джо Байден 2 наурыздан бастап АҚШ әуе кеңістігі ресейлік әуе компаниялары үшін жабылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Байден Конгресске жыл сайынғы жолдауында айтты.

Сонымен қатар, Ақ үй басшысы Ресей президенті Владимир Путин туралы да пікірін білдіріп өтті.

Алты күн бұрын Владимир Путин әлемді дүр сілкіндірді. Бірақ ол мүлт кетті... Путиннің шабуылы. Ол Батыс елдері жауап қатпайды деп ойлады. Ол Еуропаны бөле аламын деп ойлады, бірақ қателесті... Путин әлемнен бұрын-соңды болмағандай оқшауланды. АҚШ президенті Джо Байден

Джо Байден АҚШ әскерлері Украинадағы ресейлік әскерилермен қақтығысқа қатыспайтынын баса айтты.

АҚШ-тың Ресей Федерациясы үшін әуе кеңістігін жабатыны туралы бұған дейін Wall Street Journal хабарлаған болатын.

Ресей
АҚШ
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты