Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады

Президент қабылдауы, Ақорда, Қасым-Жомарт Тоқаев, төтенше жағдайлар министрі, Мұрат Мұханов, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 18:14 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 10 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігі қызметіндегі басым бағыттарды айқындап, ведомствоға бірқатар нақты міндет жүктеді.

Президент маусымдық төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау, аудандық және ауылдық бөлімшелерді одан әрі дамытып, оларды техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Өрт, өнеркәсіп және сейсмология қауіпсіздігі мәселелеріне, халықты хабардар ету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қатерлерді болжау мен ерте анықтау үшін цифрлық шешімдерді, жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударылды.

Президент ведомствоның кадрлық әлеуетін нығайтып, құтқарушылардың кәсіби даярлығын күшейтуді тапсырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесу өткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: