Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады  Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство жұмысының нәтижесі, азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту барысы және алдағы кезеңге арналған жоспар жөнінде баяндалды.  Шыңғыс Әрінов:  ➤ Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын таныстырды.   Соңғы екі жылда бөлімшелер 1,4 мыңнан астам техника, авиация, заманауи құтқару жабдықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және байланыс құралдарымен толықтырылды. Бұл еліміздің барлық өңірінің төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттырды.   Сонымен қатар министрлікке қарасты бөлімшелерді жаңғырту жұмыстары қолға алынды.  ➤ бөлімшелер желісін дамыту мәселесіне тоқталып, жаңа әмбебап құтқару құрылымдары, авиация және теңіз жасақтары құрылғаны жөнінде айтты.   «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынған. Олар шамамен 700 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.  Халықты жаппай шұғыл хабардар ету жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып, Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Сондай-ақ табиғи өртті ерте анықтау жүйелері біріктірілуде.  ➤ ведомство қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәлімет берді.   Құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері қарастырылған.   Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үшін арнайы тұрғын үй кластерін құру жобасы қолға алынды. Аталған бастама өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару базаларының жанында қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үй кешендерін салуды көздейді.   Президент:   ❗️министрліктің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша атқарып жатқан жұмысын оң бағалады.  жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту іс-шараларын жалғастыру, заманауи технологиялар енгізу және өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 14:31 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке ведомство жұмысының нәтижелері, азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Соңғы екі жылда ведомство бөлімшелері 1,4 мыңнан астам техникамен, авиациямен, заманауи құтқару жабдықтарымен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен және байланыс құралдарымен толықтырылған.

Бұл еліміздің барлық өңірінде төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттырды. Сонымен қатар министрлікке қарасты бөлімшелерді жаңғырту жұмыстары қолға алынған.

Министр бөлімшелер желісін дамыту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, елімізде жаңа әмбебап құтқару құрылымдары, авиация және теңіз жасақтары құрылған.

"Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынды. Олар шамамен 700 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ халықты жаппай әрі жедел хабардар ету жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктері кеңейтіліп, табиғи өрттерді ерте анықтау жүйелері біріктірілуде.

Кездесуде ведомство қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары да сөз болды. Құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері қарастырылған.

Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне арналған арнайы тұрғын үй кластерін құру жобасы қолға алынды. Бастама өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару базаларының жанынан қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үй кешендерін салуды көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бағытында атқарып жатқан жұмысын оң бағалады.

Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу және өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: