Шыңғыс Әрінов Мемлекет басшысына су тасқыны қаупіне қатысты есеп берді

Президент қабылдауы, Шыңғыс Әрінов, су тасқыны, есеп  , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 17:05 Ақорда
2025 жылы 20 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдап, ведомствоның атқарған жұмысы мен жүргізілген реформалары туралы ақпарат алды.

Ведомство жұмысына заманауи технологиялар енгізіліп, дрондар арқылы онлайн бейнебақылау жүргізу және цифрлық сервистерді интеграциялау жүйесі іске қосылған. Нәтижесінде, оқыс оқиғалар саны 2,8%-ға, адам өлімі 10,2%-ға, жарақат алғандар саны 8,1%-ға азайды.

2024 жылы ел аумағында 14 жаңа өрт сөндіру депосы ашылған.

Құтқарушылардың жаңа арнайы киім үлгісі бекітілген, әуе кемелері сатып алынған және елді мекендердегі қауіпсіздікті күшейту мақсатында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының іске қосылған.

 Президентке су тасқыны қаупіне қатысты ахуал жөнінде де мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, жағдай тұрақты, сегіз өңірдегі жағдай бақылауда. Ресей және Қырғызстанмен деректер алмасу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы шараларға баса назар аудару, алдын ала ескерту жүйесін жаңғырту және төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын жалғастыру жөнінде міндет жүктеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: