Өскеменде 100-ден астам азамат қамауда жатыр,-депутат

Сурет: Zakon.kz
Өскеменде 100-ден астам азамат қамауда жатыр. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана телеарнасының мәліметінше, ұсталғандардың кінәсі әлі күнге дәлелденбеген. Бұл туралы депутат Ерлан Саиров мәлімдеді.

Оның айтуынша, жауаптылар күдіктілерге қатысты дәлелдерді іздестіру үстінде. Осыған байланысты мәжілісмен бас прокуратурадан арнайы комиссия құруды сұрады. Депутат қамауға алынған жастардың тағыдырына бей-жай қарауға болмайтынын айтты. Сондықтан істі зерделеуге шақырды.

Бүгінгі таңда тек қана мынау сотпен шешу ол дұрыс емес. Өйткені ол жердегі азаматтар Қазақстанның азаматтары. Олардың тағдыры үшін біздің барлығымыз жауап береміз. Ерлан Саиров, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі.

Депутаттардың сұрағына ашық жауап береміз деген құзырлылардың жауабына бүгін мәжілісмендердің көңілі тола қоймаған сыңайлы. Мәселен депутат Айдос Сарым жиын біз күткендей болмады дейді.

Біздер енді тұрақты түрде күштік құрылыммен басқалармен араласып сөйлесіп жұмыстарына қатысып жүргеннен кейін біраз ақпаратты білеміз енді.Бірақ оны құпия тұрғысынан басқа тұрғысынан айта алмаймыз. Әрине көңіліміз толған жоқ. Айдос Сарым, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі.
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі