Лавров ресейліктердің Қазақстанға қоныс аударуы туралы: Біз бауырлас елдерміз

Сурет: gov.kz
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде ҚР Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен ресми кездесуі кезінде журналистердің сұрақтарына да жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистердің бірі: "Қазақстанда орыстарға қысым көрсетіліп жатыр дегенді кейбір ресейлік БАҚ-тар өздері ойдан шығарып алып жүрген жоқ па, әйтпесе Ресей Федерациясынан санкциялар енгізіле басталғалы мыңдаған ресейліктер онсыз да кетіп жатыр емес пе" деп сұрады.

Егер біз арадағы одақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамытуға қатысты қарым-қатынасымызды Ресейдегі кейбір БАҚ-тың және Қазақстандағы кейбір БАҚ-тың негізінде анықтасақ, біз нақты көріністі сәл бұрмалап аламыз деп ойлаймын. Әрдайым жоқ жерден бәле іздеуді, түймедейді түйедей көруді қалайтындар табылады. Соңғы кездері Қазақстанға қоныс аударған ресейліктердің саны туралы ақпараттан қанық емеспін, оның үстіне олардың кетуіне не итермелегендігінен де хабарым жоқ, – деп атап өтті Лавров.

Оның пікірінше, қоныс аудару - табиғи процесс.

Біз бауырлас елдерміз, азаматтарымыздың жүріс-тұрысына ешқандай шектеулер қойылмайды. Біздің азаматтарымыз да, Қазақстан азаматтары да тұрғылықты жерін өзі таңдай алады. РФ Конституциясында мұндай құқыққа кепілдік беріледі. Бірақ, бұл арада ең бастысы, біздің ортақ міндеттеріміз. Бұл туралы біздің президенттеріміз 10 ақпанда Кремльде мәлімдеме жасады. Ресейліктер мен қазақстандықтар бір-бірінің аумағында болуында іс жүзінде ешқандай айырмашылық болмайтындай етіп жағдай жасау туралы сөз болды. ЕАЭО шеңберінде біздің қарым-қатынастарымызды дамытуда экономикалық, әлеуметтік жағдайлардың осыған икемделуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету деген мәселе бар. Президентіміз біздің алдымызға осындай нақты міндет қойып отыр, - деп сөзін қорытындылады Лавров.
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін