Шымкентте референдумды қоғамдық қолдаудың қалалық штабы құрылды

Сурет: Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы
Бүгін Шымкент қаласы АКО брифинг алаңында Шымкент қаласы бойынша Қоғамдық штаб төрағасы Еркін Сатқанбаев пен Шымкент қаласы бойынша Қоғамдық штаб мүшесі Нүргүл Қобланова ҚР Конститутциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум бойынша баспасөз брифингін берді.
«Біз – Қазақстанның азаматтық қоғамының белсенді өкілдері, референдумды қоғамдық қолдаудың қалалық штабына топтастық. Біздің қатарымыз қаламыздың ірі үкіметтік емес ұйымдары өкілдерін, ғалымдарды, блогерлер мен журналистерді, жастар мен ардагерлер қауымдастығын, этномәдени орталықтардың жетекшілерін біріктіреді. Штабымыз құрылды, жұмысшы топ конституциялық өзгерістердің бағыттарын халықтың қарауына ұсынылған мәтінде келісім беру, зерделеу, дауыс беруіне мүмкіндігінше қолдау жасаймыз»-деді, спикер өз сөзінде.

Сурет:Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы

Президенттің 2022 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен еліміздің Ата заңына түзетулер топтамасы референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылды.

Сурет: Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы

Бұл түзетулер саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматтарын жаңартуға деген сұранысын көрсетеді.

Сурет: Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы

Конституциялық реформаның ережелері әртүрлі қоғамдық күштердің, сарапшылар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына негізделеді.

Сондай-ақ, Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі