Ернат Сыбанқұлов бас көлік прокуроры қызметінен босатылды

Сурет: Facebook/Ернат Сыбанқұлов
Бас прокурордың бұйрығымен Ернат Сыбанқұлов Бас көлік прокуроры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті бұйрықты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі жариялады. Айтуларынша, Ернат Сыбанқұлов басқа қызметке тағайындалған.

Ернат Мұхаметқалиұлы Сыбанқұлов 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласы Мәскеу ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.

Сонымен қатар Алматы қаласы Түрксіб және Медеу аудандары прокурорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры, Алматы қаласы Алмалы және Медеу аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары, Жамбыл және Атырау облыстарының прокуроры болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды