Ресей СІМ Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты фейктер көбейгенін мәлімдеді

Сурет: pixabay
Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл көршілер арасындағы, сондай-ақ Қазақстанның көпұлтты қоғамы ішіндегі шиеленістің қосымша факторын тудыратынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәскеу Ресей мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасына қатысты «фейктердің» артында екі ел арасындағы қатынасқа «сызат түсіргісі келетіндер» болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы РФ СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары Иван Нечаев мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

Біз Ресей-Қазақстан ынтымақтастығына қатысты әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы фейктердің күрт өсуіне назар аудардық. Оны жасаушылар арасында Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынасқа «сызат түсіріп», жақсы көршілер арасында, сондай-ақ Қазақстанның көпұлтты қоғамы шеңберінде шиеленістің қосымша факторын жасағысы келетіндер тұрғанын жоққа шығармаймын. Иван Нечаев

Кәмелетке толмаған балаларына жасөспірімдер тарапынан жыныстық қысым көсретілген Алматы тұрғыны мақсатты арандатушылық болғанын айтқан еді.

Әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер ұлтаралық алауыздық тудыратын хабарды әдейі құрастырған – фактілер контекстен алынып тасталған. Кейін ол полицияға арыз жазды.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді