Тәжік тарапы арадағы келісімді бұзып, тағы да оқ жаудырды – Қырғызстан

Сурет: Қырғыз Республикасы ҰҚК Шекара қызметі
Қырғыз Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің Ақпарат және коммуникациялар басқармасы қол жеткізілген уағдаластықтарды бұза отырып, тәжік тарапы Лейлек ауданының Құлынды және Жаңа-Жер елді мекендеріндегі қырғыз шекарашылары тарапына оқ жаудырды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қырғыз Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің Ақпарат және коммуникациялар басқармасы 16 қыркүйекте сағат 18:30-дағы жағдай бойынша мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай шиеленісе түскенін хабарлайды, - делінген хабарламада.

Баткен ауданында тәжік тарапы дүркіндете ататын реактивті қару жүйесін қолданғаны тіркелгені нақтыланады.

ҚР МҰҚК Шекара қызметі оқ атуды толық тыю және оқыс оқиғаларды ары қарай шиеленістірмес үшін барлық шараларды қабылдайды.

Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан Президенттері әскери күштерді шекарадан әкетуге уағдаласқан болатын.

Қарулы қақтығыс 14 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында басталды. Қырғыз тарапының мәліметінше, атыс салдарынан екі шекарашы мен үш азаматтық адам жарақат алған. Тәжікстан бейбіт тұрғындар арасында екі адам қаза тауып, алты адам жараланғанын, сондай-ақ бес адам зардап шеккенін хабарлады.

Қырғызстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ