Мейрам Қажыкен президенттікке кандидат болуға сай деп танылды

Сурет: Facebook/Мейрам Қажыкен
Отырыс барысында ҚР ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов Мейрам Қажыкен ұсынған құжаттар тексерілгенін жеткізді. Емтиханда оның мемлекеттік тілді еркін меңгеретіні нақтыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы ҚР президенттігіне "Аманат" кәсіподақтар достастығы атынан ұсынылған.

ҚР Орталық сайлау комиссиясында Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистика комиссиясының отырысы өтті.

Лингвистика емтихан үш кезеңнен өтті: жазбаша тапсырма, мәтін оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу сынағы.

Емтихан қорытындысы бойынша лингвистика комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды