Ақтаулық егіздер Қасым мен Жомартқа Тоқаев хат жіберді

Сурет: akorda.kz
Ақтаулық егіздер Қасым мен Жомартқа Қасым-Жомарт Тоқаевтан хат келді. Жігіттердің әкесінің айтуынша, бұл отбасы үшін тосын сый болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлдарға есімдерді әжесі таңдаған. Олар 2009 жылы дүниеге келген. Ал Қасым-Жомарт есімі 2019 жылдан кейін ғана танымал бола бастады.

Әженің айтуынша, олар дүниеге келгенде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның болашағы үшін маңызды қызметтер атқарған.

Қазір ұлдар мамандандырылған физика-математика лицейінің сегізінші сыныбында оқиды. Соңғы үш жылда сыныптастары мен достары егіздерді «президент» деп атайды.

Маңғыстау медиасының хабарлауынша, мемлекет басшысының жолдаған хатында егіздер туралы президенттің жақында ғана білгені айтылған. Президент балаларға елге адал қызмет етіп, биік белестерді бағындыратын азамат болып өсулерін тіледі.

Еліміздің болашағы жастарда. Сондықтан ақылды, зерделі, білімді болып өсу керек. Бұл үлкен жауапкершілік. Мен өз Отанын шексіз сүйетін жастардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Өмірде биік белестерді бағындыруыңа тілектеспін! – делінген хатта.

Әкесі ұлдардың «хатты қайта-қайта оқитынын» айтады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының аттастары болашақта дипломат болуды мақсат етіп қойған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті