Абай облысындағы жылу желісінің 65 пайызы тозған

Сурет: Zakon.kz
Абай облысында жылу желісінің 65 пайызы тозған. Бұл - жылу беру кезеңінде қуат тапшылығы мен апаттық жағдайларға себеп болады. Бүгін сенат депутаты Бақытжан Байахметов осы мәселені көтеріп, үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат президенттің Абай облысына жұмыс сапары барысында инфрақұрылым мәселелеріне, оның ішінде заманауи жылу электр орталығын салуға ерекше назар аударғанын атап өтті. Сондай-ақ, Семейдегі электр станциясының құрылыс жұмыстарын пысықтауды ұсынды

Біріншіден, жылу энергетикалық жүйесін реттеу саласындағы функцияларды бір мемлекеттік органға орталықтандыру мүмкіндігін қарастыру, екіншіден тозу көрсеткіштерін қысқарту және тасымалдау мүмкіндігін кеңейту мақсатында жылу және электр желілерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау. Үшінші, жұмыс тобының құрамына Парламент депутаттарын енгізе отырып, Семей қаласының жылу орталығының құрылысы бойынша жұмыс тобының құрамын жаңарту. Бақытжан Байахметов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді