Президенттіктен оппозиция үміткері Перуашев, Дайрабаев және Ертісбаевты сынап тастады

Президенттіктен оппозиция үміткері Нұрлан Әуесбаев бұл сайлауда өзіне тек бір нақты қарсылас бар екенін, ол қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Нұрлан Әуесбаев Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеосында айтады. Сондай-ақ ол өзімен қатар осы сайлауға түсіп жатқан Азат Перуашев ("Ақжол"), Жигули Дайрабаев ("Ауыл") және Нұрлан Ертісбаевты да (Қазақстан Халықтық партиясы) сынап, оларды нақты қарсылас көрмейтінін жеткізді.

Ол өзінің оппозиция атынан осы сайлауға түсіп жатқан жалғыз үміткер, билікке еш қатысы жоқ екенін, сондай-ақ ешқандай коалицияға мүше еместігін айтады.

Өзгелер секілді бос ұрандатып жүргенім жоқ. Мен өз партиямның атымнан ұсынылдым. Нақты бағдарламамыз бар. Бізде бәрі анық жазылған, айқын. Ал енді менің қарсыластарым кім? Мәселен, "Ауыл" партиясынан ұсынылған үміткер өз партиясына мүше емес. Ал коалиция деп жатады, ол не нәрсе? Ол - "Аманат", "Ақжол", Қазақстан халықтық партияларының қосындысы ғана. Үш түрлі партия, үш түрлі бағыт, керек кезде келіп қосыла салды. Бұл партиялардың көшбасшылары өздерінің қолшоқпар екендіктерін жасырмады. Жасырмайды да. Нұрлан Әуесбаев

Сонымен қатар оппозиция өкілі Перуашев пен Ертісбаевты да сөз етті.

Мысалы, Назарбаевтың кеткенінде жылап жүрген Перуашевті алайық. Ол халық үшін не істеді? Өзі 500 шаршы метр кең сарайда тұрады. Ертісбаевты алайық. Кезінде Назарбаевқа мадақ сөзін арнап, жағымпазданып жүруші еді, енді Тоқаевқа күнде мадақ сөздер арнап жатыр. Осылай болады ма? Сонда осындай адамдарды тыңдап, осындай адамдардың айтқанымен жүруіміз керек пе? Жоқ, әрине. Мен бұл жайында ашық айтуға қорықпаймын. Өздеріңізді қашанға алдайсыздар? Мен бұған қарсымын. Нұрлан Әуесбаев

Ол бұл сайлауда өзіне тек бір нақты қарсыласы бар екенін, ол қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев екенін айтты.

Шындығында, бұл арада нақты бір қарсыласым бар, ол Қасым-Жомарт Тоқаев, - деді Нұрлан Әуесбаев.
Қазақстан Президент сайлауы — 2022
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: