Президент сайлауы кезінде үш ұйым exit-poll жүргізуді жоспарлап отыр

Сурет: pixabay
ҚР Орталық сайлау комиссиясына ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сауалнама жүргізетіндерін айтып, 7 ұйым хабарлама жолдады, оның үшеуі exit-poll форматында сауалнама жүргізетіндерін ескертті, деп мәлімдеді ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыста қоғамдық пікірді айқындайтын сауалнамаларды жариялау кезеңінің аяқталғанын хабарлады.

"Сайлау туралы" Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, дауыс беру күніне 5 күн қалғанда және дауыс берілген күні сайлауға байланысты, кандидаттарды қолдау тұрғысындағы қоғамдық пікірді білдіретін сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелері бойынша болжамдарды және өзге де зерттеулерді жариялауға жол берілмейді. Осы жағынан алғанда, бүгін, 14 қараша, сауалнама нәтижелерін жариялаудың соңғы күні. Ертеңнен, 2022 жылдың 15 қарашасынан бастап қоғамдық пікірді білдіретін сауалнама нәтижелері туралы ақпаратты жариялауға, сондай-ақ қайта басып шығаруға тыйым салынады. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров

Сондай-ақ ол жеті заңды тұлға ОСК-ға сауалнама жүргізумен айналысатындығы туралы тиісті хабарлама жолдағанын айтты. Олардың үшеуі үй-жайлардан және дауыс беру пункттерінен тыс дауыс беру күні сауалнама жүргізетіндерін ескертті -exit-poll:

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек