Жас жұбайлар Астанада дауыс берді

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Елорданың Есіл ауданындағы No127 сайлау учаскесінде жас жұбайлар үйлену тойы күні дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 жастағы Әлішер Айтбаев «біздің рухымыз биік, өйткені бұл ел үшін де, өзіміз үшін де өте маңызды күн» деп атап өтті.

"Сайлауға келіп, дауыс беруді әрбір азаматтың міндеті деп санаймын. Сондықтан бүгін тойымыз болса да, келіп, таңдауымызды жасадық. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын". Әлішер Айтбаев

Айта кету керек, бұл сайлау учаскесінде 2729 сайлаушы тіркелген.

Округтік сайлау комиссиясының төрағасы Амангелді Қисабековтің айтуынша, қазірдің өзінде 400-ге жуық азамат дауыс беріп үлгерген.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі