Сенегал парламентінде әйел депутат соққыға жығылып, төбелес бұрқ етті

Сурет: видеоның скрині
1 желтоқсанда Сенегал парламентіндегі заң шығарушылар өзара төбелесіп, бір-біріне орындық лақтырған, оның бірі әйелдің бетіне тиді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жағдайдың әбден ушығуына билеуші және оппозициялық партия өкілдері арасындағы шиеленістің күшеюі себеп болған.

Телевизия кадрларларынан оппозициялық заң шығарушылардың бірі әйелдің бетінен ұрғанын, осыдан кейін жанжал басталғанын көруге болады.

Әділет министрлігінің келесі жылға арналған бюджеті бойынша дауыс беру кезінде төбелес өршіген. Осы кезде оппозициялық депутат Массата Самб билеуші коалиция өкілі Эми Ндиайе Гнибиді ұрған.

Гнибм де орындықты Самбтың бүйіріне лақтырған, содан кейін басқа депутат оны еденге құлатқан.

Парламент мүшелері бірін бірі балағаттауды, ұруды доғармаған соң отырыс тоқтатылды.

Бұл шабуыл әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы науқан кезінде болып отыр.

Феминистер мен басқарушы коалиция мүшелері Ниаяға жасалған шабуылды айыптап, наразылық білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі