Зеленский Байденмен кездескеннен кейін «керемет жаңалықпен» бөлісті

Сурет: Telegram/Zelenskiy/Official
Украина президенті Владимир Зеленский 21 желтоқсанда Ақ үйде АҚШ көшбасшысы Джо Байденмен келіссөздерінің негізгі нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зеленский атап өткендей, 2022 жылы АҚШ пен Украина қарым-қатынастарының жаңа кезеңін бастады.

"Бізде үйге қайтып бара жатқан керемет жаңалығым бар. Бүгін президент Байден шамамен 2 миллиард долларды құрайтын жаңа әскери көмек пакетін жариялады және бұл пакеттің ең күшті элементі Патриот кешені болып табылады - бұл біздің әуе қорғанысын айтарлықтай нығайтады. Бұл Украина үшін тиімді әуе қалқанын құрудағы маңызды қадам", - деді Зеленский келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.

Украина президенті Вашингтонға 21 желтоқсанда Эндрюс бірлескен базасына қонған АҚШ әуе күштерінің ұшағымен ұшты. Бұл Зеленскийдің соғыс қимылдары басталғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапары.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді