Елорда түрмесіне 4 дана Air Pods құлаққаптары мен ұялы телефондарды кіргізбек болған

Сурет: ҚР ІІМ
Түрмедегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарға төрт дана Air Pods құлаққаптары және ұялы телефондарды қоршалған аумаққа лақтырмақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда құқықбұзушылық жасамақ болған азамат белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Елорда тұрғыны қара полиэтилен пакетіне оралған белгісіз заттарды түрме аумағына лақтыру үшін арнайы дайындап әкелген. Мекеме қызметкерлерінің көзінен түсіп қалған азаматтар, ойластырған істерін орындай алмастан,  қолындағы тыйым салынған заттарды тастай сала белгісіз бағытта қашып кеткен. 

"Оқиға орнына Аршалы ауданының полиция бөлімшесінің жедел тергеу тобы шақырылып, құқықбұзушылық жасауға тырысқан азаматтардың тастап кеткен заттары тәркіленді. Оның ішінен ұялы телефондар, төрт дана Air Pods құлақаптары және бірнеше дана сим карталар табылған.  Бұл дерек бойынша тексеру амалдары жүргізілуде."Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.


Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады